Бәйдібек ауданында қой саны 600 мыңға жетті

Dalanews 07 дек. 2018 11:14 1367

 Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметовтың айтуынша, шаруалар егістік алқаптарын электронды картаға енгізіп, бір терезе қағидасы арқылы құжаттарын реттеген.

"Оларға мамандарымыз көмектеседі. Электронды карта жүйесінің артықшылығы – шаруалар үйлерінде отырып-ақ ғаламтор арқылы тыңайтқыш пен өзге де қажетті жеңілдіктерге тапсырыс бере алады. Қазір ауданда жерді игеруге ниетті тұрғындар саны артып келеді. Биыл 94,6 мың гектар жер игерілді. Былтырға қарағанда 3 мың гектарға артық", – дейді К.Ахметов.
Биыл Бәйдібек ауданында қой саны 600 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға ұлғайған. Ірі қара саны 60 мыңға, жылқы 200 мыңға жетті. Түйе басы да көбейген.

 

Бүгінде ауданда ауыл шаруашылығына мән беріліп, кооперативтердің жұмысы жандануда. Солардың қатарындағы «Алғабас-Ағыбет» өндірістік кооперативі мен «Ерсұлтан-агро» ЖШС-гі егін шаруашылығымен бірлесіп айналысуда. Бірлескен шаруашылық Алғабас, Ағыбет ауылдық округі аумағынан 2000 гектар жерге бидай, 1500 гектар жерге мақсары, 500 гектар жерге арпа, 400 гектар жерге жоңышқа еккен.

Аталған шаруашылықта Алғабас, Ағыбет ауылдық округінің 20-ға жуық тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, маусымдық жұмыстар қызған кезде 45-50 адамды жұмысқа тартылып, оларға 80 мың теңге көлемінде еңбекақы төленеді. Шаруашылықта 35 техника бар. Мұнда шаруалар «Стекловидный 24, «Красный водопад», «Память 47» бидай сұрыптарын еккен. Сонымен қатар арпамен сұлыны будандастырып өнім алуда. 6 тамызда 500 гектар мақсары өнімін ору жұмыстары басталды.

 

Рекомендовать
Последние новости