Белгілі актер Еркебұлан Дайыров су тасқынына байланысты шенеуніктердің жұмысын сынға алды

Қаракөз Амантай 02 апр. 2024 15:40 4197

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Еркебұлан Дайыров еліміздегі су тасқынына байланысты жеке пікір білдіріп,шененеуніктердің жұмысын сынап тастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Ес білгелі ақша жинап келе жатырмыз. Бұрын мектепте, сыныптың жөндеу жұмыстарына болса, кейін ауылға спорт кешенін салуға, одан қалса ауылдан шыққан ардақты ақындармен, батырлардың тойына жинайтынбыз.  Міне, Аллаға шүкір, ауыл-аймақтан көтеріліп, мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларға, яғни табиғи апаттармен т.б толып жатқан жағдаяттарға ат салысатын болдық. Кейде маған біздің халық, апанында жатып алып, өз жарасын өзі жалап жазатын, арып-ашыған көкбөріні елестетеді. Қасиетіңнен, кең жүрегіңнен айналайын, қайран халқым, қадіріңе жете алмай жатыр-ау…

Ал үкімет ше? Күлтөбенің басында күнде жиын, нәтиже жоқ. Заңның түрі анау, мәдениет онсыз да түсінікті. Амалсыз өткендегі мақал қайта оралды ойыма. “Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар” деген сөз бар. Бәрі бір Аллаға аманат! Бұл запыраныма да уақыт бөліп оқындарыңызға рақмет!

Батысты су шайып біткенше, Бишімбаевтың онлайн сотын тамашалайық ағайын!”, – деп жазды актер әлеуметтік парақшасында актер.

Естеріңізге сала кетсек, күн жылысымен Қазақстанның бірнеше аймағын су басып, халық қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости