Байжановтың соттағы күтпеген мәлімдемесі: тергеу изоляторында тексеріс жүргізіледі

Сағыныш Сардарова 16 апр. 2024 09:45 3118

Кеше экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында Бауыржан Мусин есімді адамның аты аталды. Енді тергеу изоляторында қызметтік тексеріс жүргізілмек,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитеті мәліметінше, Бақытжан Байжанов атаған Бауыржан Мусин - "Біз азаптауға қарсымыз" қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

"Бұл ұйым өз қызметін екі жақты меморандум шеңберінде жүзеге асырады. Өз кезегінде пенитенциарлық мекемелерде адам құқықтарының сақталуына мониторингті ұйым мүшелері жұмыс уақытында мекеме қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жүзеге асырады. Айыпталушы Б. Байжанов көрсеткен фактілер бойынша ҚАЖ Астана қаласы бойынша департаменті қызметтік тексеру жүргізеді", – деп хабарлады комитет Ulys.media-ға.

Кешегі сот отырысында Бақытжан Байжанов тергеу изоляторында оның Бишімбаевпен кездесуін ұйымдастырған адам болғанын мәлімдеді. Ол тергеу изоляторына Бауыржан Мусин есімді адам келгенін айтты. 

"Бауыржан Мусин маған төрт рет келді. Мені камерадан шығарып алды. Оған барсам, жанында Бишімбаев тұр. Яғни ол кездескісі келген. Мен бірден бұрылып, кетіп қалдым. Әкімшілікке маған жақындамасын дедім, өйткені оның маған келуін сұрамадым. Менің адвокаттарым да сұрамады. Ол содан кейін де екі-үш рет келіп, мені Салтанаттың отбасына қарсы қоюға тырысты", - деп жауап берді Байжанов.

БАҚ-та Бауыржан Мусин деген адамның есімі 2017, 2018 жылдары жиі жазылған. abai.kz мәліметінше, ол сол кездегі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары болды деген ақпарат бар. Сонымен қатар, Мусиннің 400 мың теңге парамен ұсталып, қамауға алынғаны туралы да деректер бар.

"Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қалалық департаменті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусиннің мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мүддесін лоббилеу үшін жүйелі түрде пара алғанын анықтады", - деп хабарлады сол кезде Ұлттық бюроның баспасөз қызметі өкілдері.

abai.kz мәліметіне сүйенсек, Б.Мусин кәсіпкерден 400 мың теңге көлеміндегі параның кезекті бөлігін алу барысында ұсталған. Параның жалпы сомасы 1,4 миллион теңге болған. Кейін оған 7 жылға жаза тағайындалған. Дегенмен деректерде оның да Бишімбаев секілді ұзақ уақыт жазасын өтеп, түрмеде отырмағаны айтылады.

Сонымен қатар, orda.kz ақпаратында бұған дейін Мусин Айтбек Амангелдіге қарсы түрлі жазбалар жазған деген де деректер бар. Яғни марқұм Нүкенованың ағасын Бишімбаевтың балаларына қатысты айыптаған.

"Ол кішкентай қызды шашынан ұстап, үйде сүйреген. Басқа балалар қатты қорқып, бөлмеде жасырынып қалған, ал ол Бишімбаевқа қоңырау шалып, зорлық қолданамын деп айғайлаған", - деп келтірген басылым.

Ал әлеуметтік желіде Бауыржан Мусин есімді адамның жазбасы пайда болды.

"Бишімбаев ісі бойынша сотта айыпталушы Байжанов менің фамилиямды атағанын естідім, оған елорданың тергеу изоляторында қысым көрсетіппін-мыс.

Мұндай нәрсе ешқашан болмағанын ресми түрде мәлімдеймін және мен оған ешқашан қысым жасаған емеспін, олай істеуді де ойлаған емеспін! Астана қаласының тергеу изоляторындабейнебақылау камералары мен тергеу изоляторы қызметкерлері бар. Ол ешқашан оған қысымкөрсеткенім немесе қорқытқаным немесе біреуді қорлағаным туралы шағым түсірген емес! Бүгіноған жала жапқаны үшін сотқа арыз беремін!" - деді ол.


Рекомендовать
Последние новости