Бәйдібек ауданы күре жолдарды жөндеуді қолға алды

Dalanews 09 июн. 2017 05:59 1174

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бәйдібек ауданында бірнеше шақырым жолдар жөндеуден өтпек.

Атап айтқанда ауданындағы  23 нысан - 230 шақырым жол мен 1 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлінсе, біршама теңге 6 нысан немесе 33 шақырым жол мен 4 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге қаралады. Оның ішінде, ірі жобаларға тоқталсақ, Бәйдібек ауданында 2018-2020 жылдары шамамен 3,5 миллиард теңгеге 30 шақырымды құрайтын бір  ірі жобаның құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Аталған жоба аясында Шалдар, Жамбыл және Шаян елді мекендерінен өтетін облыстық маңызы бар КХ-2 автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, 2017-2018 жж. ұзындығы 164,2 шақырымды құрайтын үш нысанның орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобалардың жөндеу жұмыстары Шаян, Қазата, Ағыбет, Шақпақ, Кеңестөбе, Жарықбас, Алмалы, Ақтас, Жыланды Боралдай, Ақбастау және Бірлік елді мекендерінен өтеді.

Осылайша ауыл тұрғындары бағдарламаның шапағатын көрмек.

Рекомендовать
Последние новости