Байбектің заңгері: "Мамай мен Иманбай? Олар бәрін ойдан шығарған"

Dalanews 01 июн. 2021 16:24 824

"Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның айыптаулары әсіре абсурд", – дейді Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің заңгері Айжан Тәшенова.

Тәшенова Байбек мен Мамайдың арасындағы сот ісінің мән-жайын былайша баяндайды:   

Кеше мен Б.Байбектің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға қарсы берген талап-арызы бойынша кезекті сот отырысының жұма күнге, яғни 4 маусымдағы сағат 10.00-ге тағайындалғаны туралы хабарламаны, сондай-ақ тәуелсіз психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысының көшірмесін алдым.

«Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның талап-арыздың мазмұнын бұрмалау әрекеттеріне қатысты. Жауапкерлер біздің шағымдарымыздың мәнін бұрмалап, Б.Байбек олардың бейнежазбаларында келтірілген айыптаулардың бір бөлігін ғана жоққа шығаруды талап етеді деп айтуда.

Нақтылап айтсам, іс жүзінде жауапкерлердің аталған бейнежазбадағы айыптаулары 3 негізгі бөліктен тұрады:

  • «Б.Байбек мафиялық-жемқорлық құрылым құрды..., Алматыда жерге және мемлекеттік мүлікке қатысты көптеген алаяқтық жасады»;

  •  «әкім болған 4 жылға жуық уақытта ... оның отбасының қаржылық жағдайы миллиард АҚШ долларынан асты»;

  •  «ол мемлекеттік бюджетті ұрлады, алаяқтық жасады және өз адамдары үшін бизнес ашты..., іс жүзінде үлкен бизнес-империяның қожайыны».


Жемқорлық схемасына «дәлелдеме» ретінде Ж.Мамай мен И.Иманбаева Қазақфильм, Атакент, Іле-Алатау ұлттық паркі, Әл-Фарабиден жоғары жақтағы алма бағы, Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары жерлерін құрылыс жүргізу және тұрақ салу үшін жеке қолға берді, автобустар сатып алу кезінде миллиондар алды-мыс деген секілді қисынсыз мысалдар келтіреді.

Біздің талап-арызымызда сыбайлас жемқорлық туралы олардың жалған мәлімдемелерінің өзегін құрайтын неғұрлым резонансты дәл осы  мысалдар қамтылды.

Жоғарыда атап өткенімдей, біз қабылданған шешімдердің заңдылығы мен ашықтығын растайтын барлық дәлелді ұсындық. Яғни, сыбайлас жемқорлық туралы фактілердің барлығы толықтай ойдан шығарылған: сыбайлас жемқорлық схемалары да, миллиард та, оған қоса, бизнес империя да жоқ. Сондықтан да жауапкерлердің басқа барлық айыптаулары мән-мағынадан жұрдай!

Оған қоса, Ж.Мамай мен И.Иманбаева айыптауларының әсіре абсурд екенін атап өтемін!


Елестетіп көріңізші, 1 млрд. АҚШ доллары – бұл шамамен 430 млрд. теңге, яғни Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары сияқты өңірлердің жылдық бюджеті!»

Рекомендовать
Последние новости