Баян: «Мен әлі жаспын»

Dalanews 09 апр. 2018 04:56 896

Баян Алагөзова 40 жастан асқан әйелдерге өзін жас сезінуге кеңес берді. Сонымен қатар өзін сынайтын желі қолданушыларына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.



Продюсердің айтуынша, қазіргі уақытта адамның жастығы  45-46 жаста ғана шегіне жетеді екен.
– Таяуда заманауи психологиядан қазіргі уақытта жастықтың 45-46 жаста шегіне жететінін, осыдан кейін адамның ақырындап кемеліне жететінін оқыдым. Сондықтан, достар, маған «Баян, жасыңа сай болмайсың ба, ырбыңдамай» деп жазуды доғарыңыздар. Менің жастығым әлі аяқталған жоқ. Ал кемелдікке дейін әлі уақыт бар. Менің жасымдағы барлық «апаларға» берілмеуге және өзіңді эмоционалды тұрғыда жас қыз сияқты сезінуге кеңес беремін. Мен сияқты, – деп жазды Алагөзова Instagram-парақшасында.

Продюсердің аталған жазбасы желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Десе де пікір қалдырушылардың дені Баянды қолдайтындарын және адамның өзін жас сезінуі керек екенін айтып жатты.

Рекомендовать
Последние новости