«Батаменен ел көгерер». Түлкібаста ерекше байқау өтті

Dalanews 13 дек. 2018 06:08 837

Түлкібас ауданына қарасты Азаттық ауылы мәдениет үйінде «Батаменен ел көгерер» атты тақырыпта батагөй қариялар арасында бата беруден аудандық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты: Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рхани жаңғыру» мақаласындағы «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде дәстүрлі баталарды насихаттау.

Байқауға ауданға қарасты 15 ауылдық округ, поселкелерден 16 батагөй қарияларымыз іріктеліп, ақтық сынға жолдама алған болатын. Тарих тақтасына жазылған көсемдер мен шешендердің тапқыр сөздері бүгінгі ұрпақтың сана-сезіміне ұялап, келешегіне бағыт — бағдар беретін, арман — мақсаттарына жетелейтін өсиет. Оны жеткізушілер сол өнердің қаспағын қырып, сарқытын ішкен аталар. Бабалар өсиетін, сөз саптасын, даналық ұғымын ұрпағына үлгі еткен қариялар аудандық байқауда өз шеберліктерін ортаға салып, 2 бөлім бойынша сайысқа түсті.

Сайыс қорытындысымен бас жүлдені — «Ең батагөй қария» атағын Кемербастау ауылдық округінен Абдалимов Аманбай атамыз иеленді. І- орынды Майлыкент ауылдық округінен Келімбеков Аспандияр, ІІ-орынды Түлкібас поселкесінен Тоғысбаев Сапар және Рысқұлов ауылдық округінен Көшкінов Тұрсынқазы, ІІІ-орынды Майлыкент ауылдық округінен Шәкенов Махмуд пен Келтемашат ауылдық округінен Асилов Сүйерқұл аталарымыз қанжығасына майлады. Іс-шара соңында жүлделі орындардан көрінген қарияларымыз аудандық ардагерлер кеңесінің тарапынан бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды.

Рекомендовать
Последние новости