Баталов: "Алдағы 6 жылда 100 мыңнан аса отбасы баспаналы болады"

Dalanews 21 февр. 2019 07:33 745

Алматы облысында «7-20-25» бағдарламасы аясында 2025 жылы 4 млн. шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. 

2019 жылы «Халықтың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» бағыты басшылыққа алынады. Бұл өз кезегінде тұрғын үйлер, жолдар салу, газдандыру, ауыз сумен қамтуға мүмкіндіктер бермек. Бұл туралы Талдықорғанда өткен ел алдындағы есеп беру кездесуінде облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

2018 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 713,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, соның ішінде «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша барлығы 39 мың шаршы метр салынды.

Кезек ретінің артуына байланысты биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасымен пайдалануға берілетін тұрғын үйлер ауқымын екі есе арттырып, 80 мың шаршы метрге жеткізбек. Соның ішінде 42,1 мың шаршы метр несиелік, 32 мың шаршы метр жалгерлік, 5,2 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үйлер,  барлығы -  924 пәтер салынады.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 26 массив анықталып, оған 2025 жылға дейін 4 млн. шаршы метр үй салуды жоспарлап отырмыз, соның нәтижесінде 104 мыңға жуық отбасы пәтерлі болады.


Алғашқы жарнаны төмендету мақсатында тұрғын үй сертификаты үшін 1 млрд. теңге бөлінді. Тұрғын үй сертификаттарын бөлу тізімі кеңейтіліп, мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне ғана емес, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына, соның ішінде көп балалы отбасыларға да беру туралы шешім қабылдадық», - деді облыс әкімі Амандық Баталов.

 

 

Рекомендовать
Последние новости