Басты мақсат – қауын-дарбызды толықтай өңдеуді жолға қою

Dalanews 13 дек. 2018 12:22 992

Биыл қауын-қарбыздың отаны Жетісай ауданында алғаш рет «Қауын-fest» фестивальі өткен болады. Түркістан облысы Жансейіт Түймебаев қатысқан шараға әлеуметтік желі арқылы бүкіл Қазақстан тұрғындары қолдау білдіргені есімізді. Осы бір айтулы шараның қалай ұйымдастырылғанын Жетісай ауданы әкімі Жамантай Бейсенбаев Dalanews.kz сайтына әңгімелеп берді.

– Өздеріңіз білетіндей, өткенде елімізде бірінші рет «Қауын-fest» өткіздік. Түркіменстанның, Тәжікстанның өткізген қауын фестивальдарынан мәліметтер алып, әрбір елді мекендерде жиналыс өткізіп, әжелеріміздің, апаларымыздың істеген істерін қайта жаңғырттық. Бұл шара «Рухани жаңғыру» шарасына дөп келгенін де айта кетуіміз керек. Шараны ұйымдастырғанда баяғы қауынқағымызды, қауынқұртымызды танытып, барыша насихаттауды ойладық. Негізгі мақсатымыз – келешекте қауын-қарбызымызды 100 пайыз өңдеуден өткізіп, қалдықсыз өнімге айналдыру. Шындап келгенде, қауын-қарбыздың қабығын да өңдеуден өткізуге болады. Қауын-қарбызды сығып, шырынын алуға болады. Соған қосымша қаржы керегін, өңдеумен айналысатын цехтар ашу керектігін айттық. Жалпы, биыл ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштер жаман болған жоқ. Бұл – бірінші кезекте халықтың төккен терінің, еткен еңбегінің, бірлігі мен ынтымағының арқасы. Ел еңбегінің өтеуін алып отыр. Бір нәрсе егіп, содан банкрот болдым деп отырған адам жоқ. Еңбек еткен азамат сол еңбегінің жемісін көруде, – деді аудан әкімі Жамантай Қанайұлы.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости