"Бәрі өтірік". Ринат Зайытов қатты кетті

Dalanews 04 апр. 2017 09:15 816

Еліміздің телеарналарында көрсетілетін бағдарламалар белгілі ақын Ринат Зайытовтың көңілінен шықпайды. Оның айтуынша, қазақ телеарналары жалған ақпарат таратуда алдына жан салмайды.

Бұл туралы Zhuldyz.tv арнасы хабарлады.

«Егер телевидениеде бірдеңеге пікір айту менің құзырымда болса, шамам келетін болса, бүкіл теларналардың 90 пайыз бағдарламаларын жауып тастар едім. Бәрі ұнамайды маған. Жаңалықтардан бастап шалалықтарға дейін бәрі ұнамайды маған. Өйткені бәрі өтірік», – дейді Зайытов.
Зайытовтың пайымдауынша, шындықты айту үшін міндетті түрде ел алдына шығып, «төңкеріс» жасау міндетті емес.

«Шындықты айтпасаң айтпай-ақ қой, өтірік айтпау керек қой. Не нәрсе қалай болды, соны солай көрсетуге болады», – деп түйіндеді сөзін ол.

Дереккөзstan.kz

Рекомендовать
Последние новости