"Бәрі осылай аяқталғаны өкінішті". Сотта Нүкенова мен Бишімбаевтың хаттары оқылды

Көркем Алдабергенова 23 апр. 2024 11:40 4499

Сотта Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың хаттары оқылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Сотта 2023 жылдың 15 шілдесіндегі әңгімелер оқылды. Бишімбаев бұл хаттарды скриндеп алған.  

 

Салтанат: Жақсы, бізге бірге болуды жазбаған екен, қош бол. Ренжімеймін, бірақ енді жақсы көрмеймін. Жүрегімнің жартысын жұлып, delete жасаймын. Моральдық жарымжан неме

Салтанат: Қазір есікті сындырамын, тұтқаны көтер. 

Салтанат: Мен үшін көп нәрсе істедің. Киімдерім мен әшекейлерімді жинап, бәрін сен бергеніңді түсініп отырмын. Бәрі үшін рақмет. Бәрі осылай аяқталғаны өкінішті, бір-бірімізді бағалай алмадық. 

Бишімбаев: мені де кешір, бәрі жақсы. Бәрі жақсы болады. Бір-бірімізге деген құрметті, достықты жоғалтпайық. 

Салтанат: Біз кездескен кезде менде ештеңе жоқ еді. 

 

Салтанат: Үйде жақсы, жаным жай тапты. 

Бишімбаевтан аудиоқоңырау. 

 

Салтанат: Сен Алматыда болған кезде осы жерде бола тұрайын. Қарсы емессің деп ойлаймын. Осы уақытта келіскеніміздей ойланып, дұрыс шешім қабылдайық. Бір апта айғай-шусыз демалып, тынышталғым келеді.  

Бишімбаев: Жақсы 

Еске салайық, 27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.

Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).

Сондай-ақ оның туысы Бақытжан Байжанов та күдікті ретінде қамауға алынды. Оған  қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған. Нақтырақ айтсақ, 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу); 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).


Рекомендовать
Последние новости