Алматыда лауазымды шенеунік ұсталды

Сағыныш Сардарова 19 апр. 2024 09:33 3626

"Алматы Су" бас директорының орынбасары және Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнеске кедергілерді жоюға ерекше назар аударып отыр.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің қызметіне, оның ішінде қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана отырып, заңсыз араласудың жолын кесу жұмысы агенттіктің ерекше бақылауында.

Алматы қаласы бойынша департамент осы жұмыс шеңберінде ауыр жемқорлық қылмыс жасауда "Алматы Су" ШЖҚ МКК бас директорының орынбасары әшкереленді.

Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 миллион теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 миллион теңге алған.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға, жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады.

Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұл істер бойынша тергеу жалғасып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости