“Балаларды тасымалдау үшін арнайы төлем”: Air Astana жаңа ереже енгізілгенін мәлімдеді

Қаракөз Амантай 02 окт. 2024 12:01 2398

“Air Astana” әуе компаниясы ересектерсіз жалғыз ұшатын балалар үшін жаңа ереже енгізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Компанияның мәліметіне сәйкес, бұдан былай жалғыз саяхатқа шығатын балалардың ата-анасы тасымалдау қызметіне арнайы алым төлейді. 

“Ересектерсіз жолға шығатын 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау үшін арнайы алым төлеуі қажет. Оның құны бір бағытқа — 9 750 теңге немесе 20 АҚШ доллары”, — делінген хабарламада.

Бұл қаржыға борт қызметкерлері баланы әуежайда тіркелген сәттен бастап, баратын жердегі жауапты тұлғамен кездесуіне дейін алып жүреді. Кішкентай жолаушылар ұшаққа бірінші болып мініп, соңғы қатарда отырады. Ал экипаж олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Заңды өкілдер баланы стюардессаларға тапсыру үшін әуежайға ұшу уақытынан кемінде 1,5-2 сағат бұрын келуі қажет. Балаларды ұшақпен жалғыз тасымалдау барысында электрондық құжаттарды қолдануға рұқсат етілмейді.


Рекомендовать
Последние новости