Балабақшаларды лицензиялау: Оқу-ағарту министрлігі маңызды мәселені қолға алды

Dalanews 19 июл. 2022 13:38 753

Балабақшаларды лицензиялау олардың жұмысын жақсартып, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді және күрт қысқартуға әкелмейді.

Балабақшаларды лицензиялау олардың жұмысын жақсартып, жемқорлықты азайтады және күрт қысқартуға әкелмейді. Бұл туралы Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова Оқу-ағарту министрлігінің Facebook парақшасында өткен брифингте айтты.

Ол лицензиялау кезең-кезеңімен жүргізілетінін және оны енгізу 2024 жылға жоспарланғанын атап өтті. Яғни бұл мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысты сапа стандарттарына сәйкестендіру үшін уақыт берілетінін білдіреді.

Лицензия алу үшін балабақшалар ең төменгі біліктілік талаптарына сай болуы керек. Әңгіме жасалған жағдайдың сапасы, кадрларды іріктеу, бейнекамералар орнату, санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау және т.б. туралы болып отыр.



«Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдарды ашуға бірыңғай талаптар жоқ. Балабақша ашқанда қандай жағдай жасалғанын, кімді жұмысқа алады, материалдық-техникалық жабдықталуы қандай екенін ешкім тексермейді. Кейбір жекеменшік балабақшалар тіпті ашылғаны туралы да хабарламайды. Балабақшаларды лицензиялау 2011 жылы тоқтатылған болатын. Ол кезде бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні біз балабақшамен 100 пайызға дейін қамтуға қол жеткіздік. Елімізде 11 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның 5 мыңнан астамы жекеменшік.

Енді біз сапа мәселесін бірінші орынға қойып отырмыз. Ешкім балабақша санын қысқартуды мақсат етіп отырған жоқ. Министрлікке ата-аналардан арыз-шағымдар түсіп жатыр. Егер балабақшаның жұмысы талапқа сай болса, онда ол еш қиындықсыз лицензия алады.


Ал егер сәйкессіздіктер болса, оларды жою қажет. Міне бар-жоғы осы.

Министрлік 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен лицензиялауды енгізеді. Балабақшадағы жұмысы сапалы жүріп жатқан кәсіпкерлерге қорқатын ештеңе жоқ. Қалыпты, талапқа сай жұмыс істеп жүрген балабақшалар лицензиялаудан қорықпайтынын ерекше атап өткім келеді. Рәсім толығымен автоматтандырылып, тұрақты түрде жұмыс істейді», - деді Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.

Бірінші кезеңде енді ашылып жатқан мектепке дейінгі ұйымдар лицензия алады. Бұл жылына шамамен 200-дей балабақша.

Келесі кезеңде – қайта мемлекеттік аттестациядан өте алмаған мектепке дейінгі ұйымдар (жылына 10-15 балабақша). Содан кейін тәуекелді бағалау дәрежесіне байланысты қалған барлық жұмыс істеп тұрған балабақша өтеді.

Балабақшаларды лицензиялау көптеген елде қолданылады. Олардың арасында Германия, Аустралия, Канада, Корея, Малайзия, Сингапур, Ресей және т.б. бар.

Мысалы, Германияда, Аустралияда және Канадада балалардың жағдайына қауіп төнсе немесе ұйымның жұмысы сапа стандарттарына сәйкес келмесе, онда лицензия қайтарып алынуы мүмкін.

Жеке кәсіпкерлер де, балалар мүддесі басымдыққа ие жеке білім беру ұйымдарының бірлестіктері де балабақшаларды лицензиялауды қолдап отырғанын ескерте кетейік. Кәсіпкер Динара Құдайқұлова балабақшалардың қызметі реттелмегенін айтып отыр.


«Балабақшалардың 93%-ы мемлекеттік тапсырыс (мемлекеттік қаржыландыру) алады. Балабақшаның иесі ретінде балаларды оқытып жатырмыз ба, қалай оқытамыз, оларды қалай тамақтандырамызды ешкім білмейтінін айта аламын.

Ата-аналар бізге сенеді, бірақ бақылау жоқ. Бұған 10 жыл бойы барлығы бой үйретіп алған. Бірақ оның салдарын көріп отырмыз. Ал қазір ешкім бақылау жүргізілгенін қаламайды. Олардың қатарында мен де бармын. Егер ақылға салып қарайтын болсақ, мен үш баланың анасымын. Бүгін мен балабақша жұмысымен айналысып отырмын, бірақ ертең мұндай жұмыс істемеуім мүмкін. Ал немерелерім қандай балабақшаға барады?


Балалар жылында келер ұрпақтың болашағын ойлауымыз керек. Ваучерге келетін болсақ. Неге балабақша құрылтайшылары ата-аналарды ақымақ көреді? Неліктен кейбіреулер ата-аналар өз қалтасынан төлей алмайды деп ойлайды. Неге олар ата-аналарға ақша бергісі келмейді? Біз онлайн несие аламыз, коммуналдық төлемдерді, айыппұлдарды және т.б. төлейміз.

 

 

Рекомендовать
Последние новости