Айтжанов бастаған бапкерлер қызметінен кетті

Көркем Алдабергенова 14 авг. 2024 22:44 2081

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов пен өзге де мамандар қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданған. 

Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер орын алды. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізіліп, ерлер құрамасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді. Осылайша келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз:

Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, - деп жазылды ресми хабарламада.

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады.


Рекомендовать
Последние новости