Мәсімов рейдерлік жасады деп шырылдаған Балушкинге қатысты сот басталды

Сағыныш Сардарова 08 авг. 2024 17:00 2555

Өскеменде "Бипэк Авто Қазақстанның" негізін қалаушы Анатолий Балушкин мен "Азия Авто" бас директоры Ерік Сағымбаевқа қатысты сот процесі басталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот отырысы сырттай өтіп жатыр, себебі айыпталушылар елде емес. 

"Азия Авто - Бипэк Автоға" қатысты жанжал 2020 жылы басталған болатын. Сол жылы билік компаниямен келісімшартты бұзып 174 млрд теңгені қайтаруды талап етті. Бұл компанияға 10 жылға жеңілдікпен берілген сома.  

Себебі компания өнеркәсіптік құрастыру бойынша міндеттемелерді орындамаған көрінеді. Ал "Бипэк Авто" концернінің үлесіне Қазақстанның автомобиль нарығының 25 пайызы тиесілі болды, олардың зауыттарында LADA, KIA, UAZ және Skoda сияқты машиналар шығарылды.

Балушкиннің өзі ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен экс-премьер-министр Асқар Маминді "рейдерлік жасады" деп тікелей айыптады.

Оның үстіне,Балушкин істі болып жатқан кезде ол Ресей азаматы екені анықталған. 2021 жылы Балушкинге іздеу жарияланды, кейін ол Прагада ұсталды деген ақпарат тарады.   

Forbes дерегінше Балушкиннің жағдайы 2020 жылдың желтоқсанында 153 миллион долларға бағаланды.  


Рекомендовать
Последние новости