Назарбаев халыққа ренжіп жүр екен - Әбдрахманов

Көркем Алдабергенова 06 авг. 2024 11:26 8275

Белгілі саясаткер Серік Әбдірахманов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа ренжіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Әбдрахмановтың сөзінше, Назарбаев халыққа өкпелеп жүргенін Болат Назарбаевтың асында айтқан көрінеді. 

"Нұрсұлтан сөйлеген сөзінде халыққа деген өкпесін айтты. Жанында жүрген жігіттер арқылы айтқан болуы керек, өкпелейді екен. "Мынау надан халық менің жақсылығымды..." дейді, не жақсылық істеді? Соны айналасы әбден "сіз осындайсыз, сіз Нобельге лайықсыз" деп көндірген. Әбден құлағына сеніп қалған. Ол (Назарбаев) соған алданып отыр, ақылы шамалы, білімі жоқ. Құдай оны ар-ұяттан да айырған екен. Оны 5 қаңтардан кейін біліп отырмыз. 

Мен Назарбаевқа қарсы болған жоқпын. Мен оған қатты сөздерімді кіріп айтатынмын. Ұрлық туралы, айналасы туралы. Иә, иә деп қояды", - дейді Әбдрахманов Ne boldy арнасына берген сұхбатында. 

Ол 1994 жылы Назарбаевқа кіріп, не айтқанын түртіп алған. 

"Сол кезде Нұртай, Ахметжан, Терещенко, Ни туралы айтқанмын. "Ел осыларды сіздің жаныңыздан көрсе" күледі едім. Үндеген жоқ. Оларды "бұзау" дедім, ой да, түрі де жоқ. Бұзаулар бірігіп алып, өзін бұқа сезініп, мені саясаттан жоқ қылды", - дейді саясаткер. 


Рекомендовать
Последние новости