"Айсұлтан Назарбаев тірі болуы мүмкін" - Серікжан Мәмбеталин

Көркем Алдабергенова 26 сент. 2024 11:44 14084

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев тірі болуы мүмкін. Бұл туралы қоғам қайраткері Серікжан Мәмбеталин айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

"Мен, шыны керек, ол тірі деп үміттенемін. Ол тірі секілді. Мұндай азаматтан айырылып қалғанымыз өкінішті. Себебі ол - өз отбасының құрбаны болған адам. Одан бөлек, атам деп жүрген адамның әкесі болуы мүмкін деген ақпаратты естіп, стреске түсіп кеткен шығар. Психикасына қатты әсер еткен. 

Біз Айсұлтан қаза боларынан екі ай бұрын мессенджермен сөйлестік. Оның даусын естіп, нашақор деп айтпас едім. Өзім де дәрігер болғандықтан ондайды ажырата аламын. Сөйлесіп, "жазатын нәрселеріңе абай болшы" деп кеңес бердім. 

Қайғылы жағдай болғаннан кейін гуглдан коронердің (өлімді арнайы тергейтін адам) есебін таппадым. Ол тірі және қазір мені тыңдап отыр деп үміттенемін", - дейді Мәмбеталин Elmedia-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2020 жылы 16 тамызда Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды. Алдын ала тартылған мәлімет бойынша 30 жастағы Айсұлтанның жүрегі тоқтап қалған.

Айсұлтан Назарбаев - Нұрсұлтан Назарбаевтың жиендірінің бірі. Ол 1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген.    


Рекомендовать
Последние новости