Жәкішев президент болғысы келіп жүр ме?

Көркем Алдабергенова 25 сент. 2024 15:23 2783

Мұхтар Жәкішев өзін президент боламын деп есептейді. Мұндай болжамды "Злобная татешка" телеграм арнасының сарапшылары жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Сарапшылардың сөзінше, Жәкішевтің медиа-алаңнан жиі көрінуінің де себебі сол. Ал оның сотты болуы сайлауалды кампания ұйымдастыруына кедергі келтіруі мүмкін. 

"Бірақ түптің түбінде қандай да бір адам билікке келуі үшін заң өзгеріп, белгілі бір шешімдер өзгертілген кездер болды ғой. Мысалы Грузияда 2011 жылы сол кездегі президент Михаил Саакашвили арнайы қаулы шығарып, миллиардер Бидзин Иванишвилиді азаматтығынан айырғанымен, ол келесі жылы парламент сайлауында жеңіске жетіп, премьер болды", - дейді сарапшылар.

Еске салайық, бұған дейін сарапшылар Мұхтар Жәкішевтің Вадим Борейкоға берген сұхбатын талдады. Әңгіме уран кен орындарының шетелдіктерге тиын-тебенге сатылып кеткені туралы болып отыр. 

Сарапшы Нұрлан Жұмағұлов Facebook-те "Қазатомөнеркәсіп" үлесі Әбілязовқа қанша ақшаға сатылғанын, ал ол кейін шетелдерге үлесін сатып, қалай байығанын айтады.

"Бұл жолы олар (Жәкішев пен Борейко - еск.) уран кен орындары канадалықтарға тиын-тебенге сатылғанын түсіндіруге тырысты. Өкінішке қарай, интернет бәрін есінде сақтайды. 2005 жылы "Қазатомөнеркәсіп" 120 мың долларға "Қызылқұм" ЖШС-дегі үлесінің 30 пайызын Әбілязовқа сатты, кейін ол канадалық кәсіпкерге сатты. Бірнеше айдан кейін, 2005 жылғы қарашада канадалық кәсіпкер бұл үлесті (30 пайызды) Uranium One компаниясына 75 миллион долларға қайта сатты.

Жәкішев уран бағасының бір фунты 136 доллар болған кезде үлес сатылғанын айтқан сәтте қитұрқылық жасап отыр (мұндай баға 2006 жылы болды).

Қандай да бір себептермен Жәкішев "Бетпақ Дала" жобасындағы 70 пайыз үлес сатылғанын айтпады. Өйткені ол "Қазатомөнеркәсіптің" уран учаскелерінде кем дегенде 50 пайызын сақтап қалды. 70 пайызды канадалық кәсіпкер Әбілязовтан сатып алғаннан кейін Uranium One-ға 350 миллион долларға сатты.

"Қазатомөнеркәсіп" Буденов кен орнының уран учаскелерін Анисимовқа тиынға сатып жібергені туралы әңгіме болған жоқ (7 учаскеге бөлінген, барлық жерде "Қазатомөнеркәсіп" үлесі - 51 пайыз). Неліктен Анисимов Ақбастау (1,3,4 учаскелер) және Қаратау (2 учаскесі) үлестерін сатудан жүздеген миллион доллар, ал Буденов кен орнының 6 және 7-учаскелері бойынша соңғы мәміледе 1,3 млрд. табыс тапты?

Жәкішев "жарап тұр": "Қазатомөнеркәсіпті" көтерді. Бірақ оның алаяқтығының арқасында Әбілязов, Клебанов, Анисимов қалтасын қалыңдатқан болып тұр ма?" - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазатомпромға" қарасты "Буденов" кеніші ресейліктердің қарамағына өтті. "Росатом" бұдан былай кеніштің 49 пайыз акциясына иелік етеді.

Алайда "Қазатомпромның" бұрынғы басшылығы: бас директор Ғалымжан Пірматов, басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов, бас операциялық директор Асылан Бөлекбай және басқа да топ-менеджерлер "Буденновты" ресейлік монополиске сатуға қарсы болған.

DALA INSIDE мәліметінше, "Росатом" "Самұрық Қазынаға" 1,6 млрд доллар берген. Келісімді "Газпром" қаржыландырған.


Рекомендовать
Последние новости