Украинада әскерилер мен шенеуніктерге Telegram қолдануға тыйым салынды

Сағыныш Сардарова 21 сент. 2024 12:19 4254

Украинада әскерилер мен шенеуніктерге Telegram қолдануға тыйым салынды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Euronews мәліметінше,Украинада шенеуніктерге, әскери қызметкерлерге және маңызды инфрақұрылым қызметкерлеріне Telegram хабар алмасу қолданбасын пайдалануға тыйым салынған.

Елдің ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі бұл қадамды қажет деп тапқан.

Бейсенбіде өткен кездесу кезінде Украинаның Қауіпсіздік қызметі мен Қарулы Күштердің Бас штабы Ресей Telegram-ды "кибершабуылдар, фишинг, зиян бағдарламалар тарату, пайдаланушылардың орналасқан жерін анықтау үшін" пайдаланады деп мәлімдеген.

Бұл тыйым қосымшаны өздерінің ресми міндеттерін орындау үшін пайдаланатын адамдарға арналады. Қалған украиналықтар қосымшаны еркін қолдана алады.

Деректерге сүйенсек, Telegram мессенджері Украинада ресейлік әуе шабуылдары туралы ақпарат алмасу үшін танымал. Ол украиналық шенеуніктердің, соның ішінде президент Владимир Зеленскийдің қоғаммен қарым-қатынасының негізгі тәсілдерінің бірі саналады.


Рекомендовать
Последние новости