Айыппұл екі есе қысқармақ

Dalanews 07 февр. 2017 13:36 986

Қазақстанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгертулер енгізу туралы заң жобасы әзірленуде. Оның аясында айыппұл санкцияларын босаңсыту қарастырылған, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Кодекс ізгілендіруге бағытталған. Осы орайда Кодексті қатаңдатуды көздейтін ешбір түзету ескерілмеген. Мәселен, мүгедектерге арналған орынға тоқтағаны үшін 50 АЕК ескерілген, яғни 110 мың теңгеден астам. Оны кем дегенде екі есеге азайту ұсынылуда. Қосымша қарастырып, бұдан да артық қысқартуымыз мүмкін. Әзірге, осы ұсыныс қабылданды, – деді қоғамдық тыңдаулар барысында Қазақстан Республикасы заңнама институтының директоры Аслан Түкиев.

Айыппұл сомасын төмендетумен қатар, бір жолға ескерту шарасын енгізу ұсынылуда. Тек ескертуден кейін ғана әкімшілік айыппұл салынатын болады.

ҚР Әділет министрлігі заңнама департаментінің директоры Дархан Игембаев Кодекс 1700-ден астам құқық бұзушылықты қарастыратынын атап өтті.

– Біз олардың барлығын талдап шықтық. 300-ге тарта бап бойынша өзгертулер орын алады. Нақтырақ айтқанда, 150-ден астам бапта айыппұлды азайту ескерілген. Осы мәселе бүгінде талқыланып жатыр. Ескерту шарасын енгізу 100-ге жуық бапта ұсынылды, – деді ол. Белгілі болғандай, өзгертулер 2018 жылы енгізілуі мүмкін.

Дереккөзі: Қазақпарат

Рекомендовать
Последние новости