Ол алдымен аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, «Бастау Бизнес» оқу курсын тәмамдаған.
Сондай-ақ, сертификат алған азаматтарға берілетін 583 400 теңге қаражатқа шаңсорғыш пен 500 шаршы метрге арналған кілем кептіргіш аппарат сатып алған.

Қазіргі таңда кілем жуу орталығында 5 адам жұмыспен қамтылған. Олар айына шамамен 200 кілем жууда. Орталық иесі сұраныс артып жатса, кәсіп ауқымын кеңейтемін деп отыр.
Айта кетейік, ауданда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жоспарлы түрде іске асырылып келеді. Ленгір қаласының өзінде 37 азамат бизнес жоспарын сәтті қорғап, мемелекеттік грантқа ие болған.