Айгүл Орынбек Қайрат Нұртастың жаңа фильміне "екі" деген баға қойды

Dalanews 15 окт. 2017 03:29 869

Отандық өнімді қолдау үшін киноға бардық. Қаржысы көп Қайрат Нұртасқа мықты кино түсіру не тұрады деп ойлаған едім ? Бірақ өкінішке орай тағы да сол көшірме! Ең сорақысы кино қатыгездікке тұнып тұр.



Онсызда телеарналарымызда əншілер қаптап, зорлық қорлықты күнде көрсетіп жатқаны аздай, енді кино түсіріп насихаттауға көштік пе? Арақ-шарап ішіп қызды ұрлап зорлау, наша шегу сияқты дүниені түсіріп жастарға не тəрбие бермекпіз? Фильмнің мағынасын түсініксіз!
Біреудің идеясын ұрлаған соң фильм мағынасыз болады ғой. Қай мектеп сабақ үстінде "Астана" арнасын қосып қойып жаңалықтар көретін маған көрсетіңдерші. Заңды түрде шара қолданайық . Мылтықпен түнгі клуб немесе мейрамханаға кіріп бара жатқанда охраниктер қалайша жіберіп қойды? Байдың балалары отыратын қымбат ресторанды бұл фильмде ешкім күзетпей қойған ба? Жігіттерді атамын деп стол жанына келіп, мылтықты кезенгенде неге қалған қонақтар жəйбарақат билеп жүр? Жаза берсем көп!

"Осы біздің қазаққа ештеңе жақпайды" деп ренжуі мүмкін Қайраттың анасы. Бірақ кино түсірер алдында сын болатыны білгілі. "Гүлзира ханым сіз анасыз онсызда зорлық пен қорлығы көбейген заманда, жастарға мейрімділік насихаттайтын, мағыналы кино түсірмедіңз бе?". Қолдарыңызда Жұлдыз сияқты мықты актриса қыз тұрғанда сіздер үшін бұл қиын емес қой. Ал мына фильмдеріңізге екі деген баға берем!

Айгүл Орынбек

(жазба автордың Фейсбуктағы парақшасынан алынды)

 

https://dalanews.kz/27084

Рекомендовать
Последние новости