"Әйеліңізбен ауыр әңгіме болатын секілді". Бектенов жұртты күлдірді

Көркем Алдабергенова 24 дек. 2024 11:18 516

Бүгін Astana Hub технопаркінде үкімет отырысы өтіп, онда цифрлық технологиялар талқылануда. Жиында күлкілі жағдай болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеп. 

Цифрландыру министрі Жаслан Мадиев eGov платформасындағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін көрсетуге тырысты. Ол жасанды интеллектіге: «Неке қиюды қалай тіркеуге болады?» деген сұрақ қойды. Жүйе сілтеме ұсынды. Бірақ қиындық туып, министр сілтеме арқылы өте алмаған. 

«Бұл менің некемнің бар болуына байланысты»,– деп түсіндірді Цифрландыру министрлігінің басшысы.

Премьер-министр Олжас Бектенов бұл сәтте қалжыңдап үлгерген:

«Сіз сілтеме арқылы өткізіп жібереді деп үміттендіңіз бе?», - деді Бектенов. 

Мадиев өз кезегінде мақтанышпен: «Жүйені алдау мүмкін емес», – деп жауап берді.

«Әйеліңізбен ауыр әңгіме болайын деп тұр ғой онда»,– деп әзілдеді Бектенов.

Айта кету керек, бұл үкіметтің алғашқы көшпелі отырысы. Журналистер процесті онлайн режимде бақылап, трансляция сапасының нашарлығына шағымданды. Эфир үш рет үзілді, бұл ретте отырыс елдің басты технологиялық орталығы – Astana Hub-та өтті.


Рекомендовать
Последние новости