Әйел зорлады деп айыпталған кәсіпкер қайтадан қамауға алынды

Көркем Алдабергенова 18 июн. 2024 23:07 2710

Жоғарғы сот әйел зорлады деп айыпталған кәсіпкер Думан Ерқанатқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Думан Ерқанатқа қатысты қылмыстық істі қарады.Сот процесі ҚПК-нің 29-бабына сәйкес жабық режимде өткен. 

Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен Думан Ерқанат зорлау бойынша кінәлі деп танылған болатын (ҚК-нің 120-бабының 1-бөлігі).

Оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.Бірақ апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығарған.

Қылмыстық іс материалдарын зерделеген алқа Думан Ерқанаттың кінәсі дәлелденді деп таныды.

Қорғаушы тараптың дәлелдері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылады.Заң талаптарына байланысты басқа ақпарат ұсынылмады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде кассациялық алқа ақтау үкімін бұзып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін (5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын) күшінде қалдырды.

Бұған дейін әйел зорлады деп жала жабылған кәсіпкер ақталып шыққанын жазған едік. Трейдинг, қаржы саласындағы сарапшы Думан Ерқанатты гинеколог әйел зорлады деп жала жауып, түрлі сайттар арқылы абыройын төгіп, 100 миллион теңге бопсалаған. Қазіргі таңда барлық дерек, айғақтар ескеріліп, Алматының қалалық соты Думан Ерқанатты ақтап шыққан болатын. Кәсіпкердің өзі оқиға қалай болғанын әңгімелеп берген. 

Думан АҚШ-та магистратура бағдарламасы бойынша білім алып, үш жыл бұрын Қазақстанға оралған. Ол айына 5-6 миллион табыс табатын. Думан - трейдер, биржа саласында жұмыс істейтін маман. Сондықтан әлеуметтік желіде көп адам Думанға хабарласып, кеңес сұрап тұратын. Сондай оқырмандарының бірі "А" есімді қыз болған.  

"Мен мән бермедім басында. Көптеген адам жекеме жазып, хабарласатын. 2022 жылы желтоқсанда кешкі сағат оннан аса үйде кино көріп жатқанмын. Ол қыз жекеме жазды, не істеп жатқанымды сұрады, мен кино көріп жатқанымды айттым. Ол бірге кино көруге келісіп, үйіме келді. Күтіп алдым, үйге келдік, әңгімелестік, үстінде бренд киімдер, шамамен 30-дағы қыз. Басымда жаман ой болған жоқ. Кино көрдік, таныстық, әңгімелестік.Сол кезде қыздың қалауымен бірге болдық. Артынша ол маған қарны ашқанын айтып, онлайн тамаққа тапсырыс бердік. Сосын түнгі бір шамасында ол кісіні үйіне шығарып салдым. Екі сағаттан кейін "мені зорлады" деп жала жауып,қылмыстықіс қозғала бастады. Бірақ ешқандай сараптама, дәлел болмағандықтан, іс сол жерде жабылды. Шамамен екі айдан аса уақыттан кейін іс қайтадан қозғалып, мені түрмеге қамауға алды", - дейді кәсіпкер Бауыржан Бөгенбайға берген сұхбатында. 

Бұл жайтқа қатысты заңгер, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан да пікір білдірді. 

"Думан есімді азаматтың ісінде мен не көріп отырмын? Бірінші сатыдағы сот ешқандай дәлел болмаса да бес жылға соттап жібереді. Бірақ таңғалғаным Алматы қаласындағы апелляциялық сот алқасындағы жан-жақты отырып жазғаны. 22.40-та ол әйел өзі хат жазады, өзі сұранып үйіне келеді. Хабарламалардың ішінде мынаған назар аудару керек: "не істеп отырсың?" дейді, "кино қарап отырмын" дейді, "мен де барып бірге қарайықшы" дейді. Өзі ұсынып, өзі келеді, сосын жаңағы жағдай болады. Бұл жерде моральдық жағдайды қозғамай-ақ қояйын, мәселе қылмыс болды ма, жоқ па дегенде. 

Егер әйел адамның еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен болса,онда, сөзсіз, ол - зорлау. Келісім болса ешқандай қылмыс болмайды. Сот актілерінде өзара келісіммен болғаны айдай анық көрініп тұр. Сондықтан қаулыны көрген кезде қанша жылдан бері қалыптасқан сот тәжірибесі шынымен дұрыс жолған түсейін деген екен деп ойға қалдым", - дейді Абзал Құспан.   

Кәсіпкерге жала жапқан әйел сұраған сома аз емес - ол Думан Ерқанаттан 100 миллион теңге талап еткен. Егер осы соманы берсе бостандықта қалатынын, "ағалары" арқылы үкіметтік ұйымдарға әсер ете алатынын айтқан. 

"Туыстарымнан, жақындарымнан жинап бере салсам да болар еді. Адвокаттар да бере сал деді. Бірақ олай жасағым келмеді. Отбасымның алдында жасамаған нәрсем үшін қылмыскер болғым келмеді. Сол себепті күресуге шешім қабылдадым", - дейді Думан.

Сот процесі төрт айға жалғасқан. Алайда сот барысында Думанның кінәсіз екені дәлелдене бастаған тұста "жәбірленуші" әйел айғайлап, шу шығарып жүрген. Арасында әйел адам ауырып, сотқа келмей жүрген тұсында Думанның түрмеде отыруына тура келген. 

Алайда Алматы қалалық соты барлық дәлел келтірілгеннен кейін кәсіпкердің қылмыс жасамағанын айтып, Думанды ақтап шыққан еді. 


Рекомендовать
Последние новости