"Әйел адам шалқасынан құлады". Желіде Амантай қажының видеосы тарауда

Кәмшат Тілеухан 16 июл. 2025 13:54

Амантай-қажы деген атпен танымал қазақстандық антиядролық қозғалыстың белсендісі Амантай Асылбек тағы да әлеуметтік желіде жарқ етті. Бірақ президент сайлауында өз кандидаттығын бірнеше рет ұсынған қажы бұл жолы қылмыстық істің фигуранты атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Желіде тараған видеода Амантай-қажы бір ғимаратқа кіріп бара жатады. Сол кезде артынан сөйлей, өзімен бірге ілесе жүрген әйелді ол кеудесінен итеріп жібереді. Әйел ғимарат есігі алдындағы табалдырық баспалағынан артқа шалқасынан құлайды. Оның жамбас сүйегі сынғаны белгілі.

Алматы қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі Алмалы ауданының полиция басқармасы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын нақтылады, деп жазады Zakon.kz.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу және процестік шаралар кешені жүргізілуде.

"Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы облысында жол үстінде ресейлік блогерді  тоқтатқан полицейдің басы дауға қалғанын жазған едік.


Рекомендовать
Последние новости