Айдос Сарымға 2070 жылға дейін Ресейге кіруге тыйым салынған

Dalanews 22 янв. 2024 09:38 663

Депутат Айдос Сарымға 2070 жылға дейін Ресей мен Беларуське кіруге тыйым салынған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, Ресейде 2070 жылға дейін нон-грата персона ретінде танылған. Егер Ресейге кірген жағдайда қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкін.

"СІМ (Қазақстанның - еск.) Тина Канделакиді нон-грата персонасы деп таныды. Дұрыс. Оған артық сөз, эмоция жұмсаудың қажеті жоқ. Өзіңді құрметтей білу керек. Мен өзім де Ресейде 2070 жылға дейін нон-грата персонасы деп танылғанмын. Елдің Федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ-еск.) маған ескерту жіберген, яғни шекарадан өтсем 7 жылға дейін қылмыстық қудалауға тап болуым мүмкін. Беларусьте де солай... Ешкім ештеңе түсіндірген жоқ...", - дейді Айдос Сарым. 


Сурет: © El.kz

Рекомендовать
Последние новости