"Аяла" қайырымдылық қоры тың жобаны жүзеге асыруда

Dalanews 15 нояб. 2023 04:12 1188

"AYALA" қайырымдылық қоры балаларға көмек көрсету үшін Денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады.

Балалар – біздің қордың барлық жобалары мен бағдарламаларының басты бенефициарлары, бұл олардың өмір сүру сапасын сақтауға және жақсартуға, денсаулығын нығайтуға, әлеуметтік бейімделуге және білім алуға көмектесуге бағытталған.

Шеврон-әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі.Ол қолжетімді, сенімді және таза энергиясы бар әлемді қолдайтын және оны құру маңызды деп есептейміз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газды өндіреді, көліктік жанар- жағармай және химиялық мұнай өнімдерін шығарады, сондай-ақ бизнес пен өнеркәсіпті жеңілдіретін технологияларды дамытады.

Қазақстанда 2022 жылы AYALA қайырымдылық қоры Перинаталдық және ғылыми орталықтарға тапсырған жабдықтардың көмегімен 2,4 мыңнан астам бала құтқарылды. Кор 16 жылдан бері еліміздің жаңа туған балаларын құтқаруға маманданған жалғыз қайырымдылық ұйымы.

Бір жыл ішінде AYALA қоры өзінің басты “Өмір сыйлайық”, “Басқарылатын гипотермия”, “Ретинопатия” сияқты қайырымдылық жобаларына 563 миллион теңгеден астам қаржы тартты. Перинаталдық орталықтарға 274,9 млн теңге жұмсалды. Бул каражат 83 бірлік заманауи медициналық техника сатып алып, Қазақстанның 13 қаласында орнатуға мүмкіндік берді. Қордың бағалауы бойынша, берілген жабдықтар алдағы 5 жылда мыңдаған нәрестелердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалады.


1.Біз қайырымдылық бағдарламаларына қаражат жинауды ұйымдастырамыз, олар мынадай бағыттарда өткір әлеуметтік проблемаларды шешуге көмектеседі:

2.Қазақстанда сәбилер мен балалар өлімін және мүгедектіпін кыскарту.

3 Казакстаннын балалар ауруханаларының перинаталдык орталыктарынын жане перзентханаларының дәрігерлерін окытуга жане олардын біліктіліін арттыруға көмек көрсету.

4.Казакстандык балалар үйлері мен мектеп-интернатларга, онын шінде тәрбиеленушілерге касіптік бағдарлау саласында көмек көрсету.

5.Керу, есту, ментальды кемістір бар мұмкіндіп шектеулі балаларга тузеу арқылы окытуда және әлеуметтік бейімделуде көмек көрсету.

≪AYALA≫ қайырымдылык коры Казакстанда 2007 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уакыт ішінде кор Казакстанда жұмыс істейтін 12 компаниялардан демеушілік көмек ретінде, сондай-ақ жеке тулгалардан кайырымдылык каражаты түрінде 3,3 млрд. Тенгеден астам каражат тарта алды.

≪<AYALA≫> корының миссиясы Казакстандағы қайырымдылык дастурі мен мәдениетіне тәрбиелеу. Біз кайырымдылық казакстандыктардын көпшілікі ушін кажети нормаға айналуы ушин алга ұмтыламыз.

                                              AYALA ҚАМҚОРЛЫҒЫНЫҢ КҮШІ ЦИФРЛАРМЕН

50000-нан астам бала түзету арқылы дамуда.

131 фототерапия шамы берілді.

Жаңа туған нәрестелерге арналған 13 инкубатор тапсырылды.

44 медициналық сорғыш берілді.

5 лазерлік қондырғы берілді.

80 литр антисептик берілді.

120-дан астам тігін және ағаш ұстасының жабдықтары берілді.

30 мединицалық арба тапсырылды.

500 неонатолог дәрігер мен медбике ооқытылды

17 кәсіптік бағдарлау курсы ұйымдастырылды.

Балалар ауруханаларына 3 оқыту бейнесі түсірілді.

263 медициналық және білім беру мекемелеріне көмек көрсетілді.

Қор айқын, тұрақты және ашық жұмыс істейді.Балалардың денсаулығын сақтау және білім беру саласындағы проблемаларды шешудің жүйелі тәсілі біздің жұмысымыздың басты қағидаты.Кайырымдылық жобаларды іске асыру кезіндегі біздің жұмысымыздын алгоритмі:

1.Проблеманы анықтаймыз

2.Көмек алушылардың қажеттіліктері туралы ақпарат жинаймыз

3.Алынған деректерді Денсаулық сақтау, білім, мәдениет және әлеуметтік қорғау министрліктерімен және өңірлік басқармаларымен келісеміз

4.Бюджетті жасаймыз және жобаны ресімдейміз

5.Демеушілерді іздейміз

6.Жеткізушілерді іздестіреміз және олармен шарт жасаймыз Жобаны іске асырамыз жабдықтарды жеткізуді жүзеге асырамыз, тапсыру рәсімін ұйымдастырамыз, БАҚ-ты шакырамыз

7.Демеушіге қаржылық есеп береміз

≪Аяла» қайырымдылық қоры 2 бағыт бойынша адамдарға уөмек қолын созып келеді. Бірінші кезекте Сәбилерді емдеп , денсаулықтарының нығаюына ат салысса, екінші жағынан жоғарыда айтылып кеткендей сауатты, білімді маман дайындау үшін түрлі жобалар ашып оларға ізденіс жағынан көмектеседі. Бүгінгі танда 6 түрлі жоба жұмысын атқаруда:Балалар емханасымен перзентханалардың реанимация бөліміне керек медициналық құралдар орнатуға арналған«Өмірге дем берейік жобасы, гипоксиямен туған баланың 60% мүгедек болады.

Оның алдын алу үшін денені тез суытып, бір қалыпта ұстайтын құрал Емдік гипотермияғаарналған қор, медициналық мамандардың біліктілігін арттыру жобасы «АЯЛА» академиясы, арнайы балабақшалар мен интернаттарды балалардың емделуі мен күнделікті өміріне қажет құралдармен қамтамасыз етуге арналған 40- жақсы іс жасайықжобасы, дамуында кемістігі бар ерекше балаларға арналған арнайы білім беру мекемелеріне оңалту, тузету және басқа арнайы құрал-жабдық алып беру ≪Ерекше балаға ерекше көңіл»жобасы, интернат және балалар үйлерінде әртүрлі шеберхана ашу, әртүрлі мамандықтармен таныстыру, шеберлік сабақтар мен курстар ұйымдастыратын ≪Кәсіпке баулу» жобасы.

AYALA қайырымдылық қоры мен Пусан Ұлттық Университетінің Госпиталі арасындағы ынтымақтастық 2016 жылы басталған болатын. Жеті жыл ішінде жыл сайын Алматы мен Астанаға балаларға ортопедиялық патологиялар, әйелдерге гинекологиялық аурулар және онкология бойынша тегін кеңес беру үшін дәрігерлер Делегациялары келді. Пусаннан келген дәрігерлер 680-ден астам баланы тегін диагностикалап, қазақстандық балалар дәрігерлерінің біліктілігін арттыру үшін ондаған шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізді.

Сондай-ақ, Алматы, Астана, Павлодар және Тараздан келген 17 Дәрігер Пусанда тегін оқып, нейрохирургия, ортопедия, травматология, неонаталды офтальмология бойынша Пусан Ұлттық университетінің Госпиталінде үздік тәжірибелерімен влмасты. AYALA қайырымдылық қоры неонатолог-дәрігерлердің кәсіби дамуына да көп көңіл бөледі. 2021 жылдан бастап қор дәрігерлерге арналған "AYALA онлайн-академиясы" тегін онлайн- курстары бар платформаны дамытуда. Бұл платформа қазақстандық перинаталдық орталықтардың, перзентханалар мен облыстық ауруханалардың дәрігерлері мен орта медицина персоналына неонатология, реаниматология және педиатрия салаларындағы жетекші тәжірибелі мамандардан курстарға тегін және оңай қол жеткізу мүмкіндігін беру үшін жұмыс істейді.

AYALA қорының жұмысының ерекшелігі жобалардың жүйелілігі мен тұрақтылығы, сондай-ақ олардың ашықтығы. Қор өзінің медициналық жобаларын 5 жыл бойы тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндей етіп жүзеге асырады. Бұл олардың нәтижелілігі мен тиімділігін қадағалауға мүмкіндік береді. Қордың осындай жұмыс тәсілінің арқасында елден тыс жерлерде емес, Қазақстанда 16 жыл ішінде жүздеген мың баланың өмірі құтқарылып, еліміздің 67 медициналық мекемесіне 1200-ден астам реанимациялық жабдық берілді.

Тұрсынғали Дана,


Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы, Компьютерлік технологиялар кафедрасы, Медиажурналистика мамандығының 2-курс студенті.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости