Ахметов тапсырмасы: Биыл Семей қаласына 93,1 млрд теңге инвестиция тартылған

Dalanews 22 дек. 2021 18:14 732

Мұның 11 млрд теңгеге жуығы немесе 25%-дан астамы – жеке инвестиция. Бұл жайында Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов айтты.

Бұрынғы «Семей Су» кәсіпорны базасында, инвестиция көлемі 9,1 млрд теңгені құрайтын ” QAZAQ ASTYQ GROUP ” ЖШС күнбағыс, рапс, соя сияқты өнімдерді өңдеу бойынша автоматтандырылған кешен өндірісін іске қосылды. 220 жұмыс орны құрылды. Өңдеу қуаттылығы – күнбағыс дақылдары тәулігіне 1200 тонна немесе рапс дақылдары тәулігіне 800 тонна.

Жылына өндірілетін өнім көлемі: рафинаттандырылмаған өсімдік майы – 140 мың тонна, шрот – 120 мың тонна, фосфат концентраты – 1 250 тонна. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша  15 740 тонна өнім өндірілді. Өзбекстан және Қырғыз Республикасына 10 459 тонна өнім экспортқа шығарылды, болашақта жергілікті нарыққа шығару жоспарлануда, – деп хабарлады Бақытжан Байахметов.

Ұзақ уақыт тоқтап тұрудан кейін аң-тері комбинаты іске қосылды. Оның шикізат өңдеу қуаттылығы жылына – 6 000 тонна ірі қара мал терісі (350 мың тонна тері).


Бүгінгі күні нарық зерттеліп, сұранысқа ие өнім түрлерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты өндірістің қуаттылық жүктемесі 50,0%. Өндіріс іске қосылғаннан бастап 270 мың шаршы метрден астам тері өнімі өндірілді. Сонымен қатар «Семей құс» ЖШС қызметі жандандырылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 8,0 млн данада жұмыртқа өндіру жоспарлануда. 2022 жылы бұл көрсеткішті 22 млн данаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Айта кетелік бұған дейін арнайы жиын өткізіп, жыл басынан бергі жұмысты қорытындылаған облыс басшысы Даниал Ахметов
өңірге тартылған инвестицияның жалпы көлемі 600 млрд. теңгеден асқанын хабарлаған.

"Қай жағынан алып қарасақ та, биылғы 10 ай аймақ үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіші бойынша табысты болды", – деген еді аймақ басшысы.

Рекомендовать
Последние новости