Ахметов: "Аймақтарда мықты медицина орталықтарының филиалын ашу керек"

Dalanews 23 нояб. 2019 09:38 962

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Орталық коммуникция қызметінде өткен брифингіде өңірдегі медицина саласының дамуы туралы айтты.

Ахметовтың айтуынша, алдағы уақытта Семей қаласында жедел медициналық көмек ауруханасы JCI әлемдік стандартына сәйкестендіріледі. Әкім өңірде қарасты аудандарда кардиологиялық орталықтар ашылып жатқанын тілге тиек етті.

«Медицина сапасы заман көшінен қалыспауы қажет. Бұл саладағы жаңа технологиялар біздің елге уақытымен келіп, қолданысқа кіріксе ұтылмасымыз анық. Өңірде медицинаға барынша көңіл бөлудеміз. Әсіресе елді-мекендердегі медицина саласының деңгейін көтеру керек. 



Осы мақсатта елімізде бірінші болып екі аудан орталығында - Аягөз бен Алтайда инсульт орталығын аштық. Аудан тұрғындары жаңа халықаралық стандарттардың не екенін көзімен көрді. Төрт айдың ішінде біз сол елдімекендерде кардиологиялық орталықтарды ашамыз. Артынша Аягөз мен Алтайда шунтты операциялар жасалады», - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі.

Бұдан бөлек, Шығыста Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан жетекші медициналық орталықтардың филиалдарын ашу қажеттігін айтып өтті.

«Үздік медициналық орталықтарды екі-үш қаланың төңірегінде топтастырып қойған жөн емес. Өйтіп медицинаны дамыта алмаймыз.


Біз Семей қаласындағы ауруханада травматология институтының филиалын ашылады. Өскеменде кардиологиялық орталық салудамыз. Аз уақыттан кейін Семейде Нейрохирургия институтының филиалы ашылады», - деді Ахметов.

 

 

Рекомендовать
Последние новости