Әкім орынбасары қоларбаға отырып, пандустарды тексерді

Dalanews 26 нояб. 2019 09:47 922

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен шаһар басшысы Рашид Аюпов тротуарлардың сапасын білу үшін және қаладағы пандустардың ыңғайлылығын тексеру үшін  қаланы қоларбамен аралап өтті.

«Сенім жүрек» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің жетекшілерімен бірлесе өткізген шара аясында бір топ шенеунік  Түркістан қаласындағы қоғамдық орындар мен орталықтарды аралап, қоғамдық көлікке мініп көрді.

Аталған бірлестік қоғамда қамкөңіл жандардың тең мүмкіндікте өмір сүруіне бастайтын «Қолжетімді Қазақстан» жобасын ұсынған болатын. Жобаны қолдап, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын түсіну үшін қоларбаға отырған билік басшылары, қолайсыз пандустарды ауыстыруды тапсырды.

Мүгедек жандардың кез келген қоғамдық орынға баруына кедергі келтірмейтіндей жағдай жасау керектігін, жаңадан салынып жатқан ғимараттарда пандустар салып, оның биіктігін тиісті талапқа сай келтіруді міндеттеді.

Рекомендовать
Последние новости