Ауғанстанда жер сілкінді: қаза тапқандар бар

Көркем Алдабергенова 03 нояб. 2025 09:43

Ауғанстанда болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны жеті адамға дейін өсті, тағы 150 адам жарақат алған, деп хабарлайды Dalanews.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Балх провинциясы губернаторының баспасөз хатшысы Хаджи Заид кем дегенде төрт адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

«Жер сілкінісінің салдарынан жеті адам қаза тауып, 150 адам жараланды», - деп жазады агенттік.

Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, жараланғандар саны - 150 адам, олардың жағдайы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.

Магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі UTC уақытымен 20:28-де (Мәскеу уақытымен 23:28-де) Мазари-Шариф қаласынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 45 шақырым жерде тіркелген. Ошақ тереңдігі - 10 шақырым.

АҚШ геологиялық қызметі қауіптің қызғылт (оранжевый) деңгейін жариялады.

Бұған дейін АҚШ-та ірі тектоникалық плитаның жылжуына байланысты жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін екені хабарланған. Ғалымдардың айтуынша, Каскадия субдукция аймағында, яғни Хуан-де-Фука плитасы Солтүстік Америка плитасының астына кіріп жатқан жерде, «Солтүстік Американың тарихындағы ең ірі апат» орын алуы ықтимал.


Рекомендовать
Последние новости