Римде Абай бюсті ашылды

Көркем Алдабергенова 31 окт. 2025 11:25

Рим қаласындағы Villa Grazioli саябағында қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы және композиторы Абай Құнанбайұлының бюсті салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Салтанатты шараға Қазақстанның мәдениет министрі Аида Балаева, Италиядағы елші Ерболат Сембаев, сондай-ақ Рим мэриясының және мәдениет институттарының өкілдері қатысты.

Аида Балаева өз сөзінде бұл ескерткіш Қазақстан мен Италия арасындағы өзара құрмет пен достықтың нышаны екенін атап өтті.

Ол соңғы жылдары өткен жоғары деңгейдегі кездесулерді еске салып, екі елдің бүгінде сенімді стратегиялық серіктестерге айналғанын айтты.

Министрдің айтуынша, Абайдың рухани даму, білім және адамгершілік туралы философиясы италиялық ойшылдар Данте мен Петрарканың идеяларымен үндеседі.


Рекомендовать
Последние новости