Аудан әкімі шаруашылық жетекшілерімен кездесті

Dalanews 08 дек. 2021 09:00 868

Бүгінгі күні балық шаруашылығы – аймақ экономикасында өзіндік орыны бар тұрмыстық – шаруашылық кәсіп түрі. Қазіргі таңда ауданда балық шаруашылығының дамуына Алакөл балық инспекциясы тарапынан ауқымды шаралар атқарылуда. Осыған орай, Балқаш – Алакөл облысаралық балық шаруашылық бассеиндік инспекциясының басшысы А.Суюбаев және Балқаш – Алакөл облысаралық балық шаруашылық бассеиндік инспекциясы басшысының орынбасары Р.Кумашев жұмыс сапарымен ауданымызға келіп, шаруашылық субъектілерімен кездесу өткізді.



Отырыста А.Суюбаев шаруашылыққа қатысты үш өзекті мәселені ерекше айтып өтті. Ондағы бірінші сұрақ жер мәселесі болса, екінші және үшінші мәселе қаражат пен су бойынша болды. Сонымен қатар инспекциясы басшысы республикалық су айдындарының ішінде кең көлемді Алакөл, Балқаш, Қапшағай көлдерінің маңыздылығын тілге тиек етті. Сондай – ақ, осы кәсіппен айналысатын қызметкерлердің айлық жалақысына арнайы мемлекет тарапынан субсидия бөлініп, назарға алынғандығы жөнінде айтылды. Кездесуге келген қатысушылардың тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, Заңға сәйкес жауаптар берілді.



Жиын соңынан кейін аудан әкімі А.Абдинов нәтижелі жұмыс сапасын көрсетіп отырған аумақтық инспециясының көлік кілтін инспекция басшылығы К.Жұманқұловқа табыстады.

Касиет Арстан,


Алакөл ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Рекомендовать
Последние новости