«Атом полигоны Назарбаевсыз да жабылатын дүние еді». Семейлік энергетик маман өз ойын айтты

Dalanews 01 июн. 2022 01:45 1137

Күні кеше ғана экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбаты жарияланып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Әдетте Нұрсұлтан Назарбаев еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ядролық қарудан бас тартқанын үлкен ерлікке балайтыны белгілі. Бірақ Семей қаласының тұрғына, білікті энергетик маман Серікбек Болатбекұлы ол кезде ядролық қаруды сақтап, ұстап тұратын Қазақстанның мүмкіндік болмағанын айтты.

– Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық сынақ полигонын жапқанын айтып, жиі мақтанатынын білеміз. Сынақ алаңын жаппағанда қайтер еді? Сол кезде Кеңестер Одағынан қалған шұлық тоқитын фабрикағада ие бола алмай қалмады ма? Осыдан-ақ, атом саласын дамыту Назарбаевтың шамасы жететін дүние емес екенін байқауға болады.

Назарбаев сол кезде атом түгілі малдың өзін сақтап қалатындай жағдай жасаған жоқ. «Бидайды Канададан, картопты Беларусьтан, қойды Австралиядан, соғымды Монғолиядан аламыз» деген әңгімесін қалай ұмытамыз!


Соңында экс-президент халыққа «екі сиыр асырап күніңді көр» дегенін де естідік. Бірақ Назарбаев халыққа екі сиырын қайда жайып, шөбін қайдан шабатынын да ашып айтпады. Өйткені, ол қазақтың жерін айналасындағыларға таратып берген еді, – деп Назарбаевқа ренішін жасырмай айтып салыпты.

Рекомендовать
Последние новости