Астананың әр ауданына Жаңа жылдық безендіруге қанша бөлінгені белгілі болды

Көркем Алдабергенова 29 нояб. 2024 16:44 1078

Астанада жаңа жылдық безендіру шараларына бюджеттен 700 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, бұл сома елорда аудандары арасында бөлінген:

  • Нұра ауданына 79 млн теңге;
  • Сарыарқа ауданына 110 млн теңге;
  • Алматы және Сарайшық ауданына 165 млн теңге;
  • Байқоңыр ауданына 158,8 млн теңге;
  • Есіл ауданы 183,9 млн теңге.

Безендіру жұмыстары қараша айының ортасында басталып, 30 желтоқсанға қарай аяқталуы тиіс.

Қаланың 6 ауданында 60-қа жуық демалыс орындары ашылады.

Олардың қатарында: мұз айдындары, сырғанақтар, сүйкімді шағын архитектуралық мүсіндер, фотоаймақтар сынды көңіл-көтеру орындары болады. 

Әкімдіктер жаңа шырша сатып алмайды. Былтырдан қалғанды қолданбақ.


Рекомендовать
Последние новости