"ҚазТрансОйл" АҚ акционерлері жалпы жиналысының 2024 жылғы 25 қарашадағы шешімімен өкілеттік мерзімі үш жылды құрайтын жеті адамнан тұратын компанияның директорлар кеңесінің жаңа құрамы айқындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Булат Закиров "ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Директорлар кеңесінің бұған дейінгі құрамындағы үш тәуелсіз директордың үшеуі де өзгерді. Америкалық Тимоти Глен Миллер мен швейцариялық Адриан Фрейсиннің орнын Қайнар Қожұмов (зерттеу және консалтинг орталығының басқарушы серіктесі) пен Әміре Бозжігітов (Қырғызстандағы Қазақстанның бұрынғы елшісінің ұлы) басты. Ал үшінші тәуелсіз директор орнына Нұрлан Аханзарипов жаңадан келді.
Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ҚазТрансОйл" Директорлар кеңесінің мүшелері болып мына адамдар сайланды:
- Булат Закиров - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ өкілі;
- Әмір Бозжігітов - "ҚазМұнайГаз" өкілі;
- Ардақ Қасымбек - "ҚазМұнайГаз" өкілі;
- Арман Қасенов — "ҚазТрансОйл" бас директоры (Басқарма төрағасы);
- Нұрлан Аханзарипов — тәуелсіз директор;
- Қайнар Қожұмов - тәуелсіз директор;
- Қазбек Құсайынов - тәуелсіз директор.
Айта кетсек, "ҚазТрансОйл" – магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ тобына кіреді. 2012 жылы "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында ҚазТрансОйл отандық қор биржасында акциялардың 10% орналастырып, листинг жүргізді. Сұраныс ұсыныстан екі есе асып, Қазақстанның 34 мыңнан астам азаматы акционер болды.