Басылымның ресми сауалына берген жауабында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімов Астанадағы ҰҚК-нің тергеу изоляторында екенін айтқан.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр:
218-бап, 3-бөлім, 3-тармақ: «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру»;
366-бап, 4-бөлім: «Өте ірі мөлшерде пара алу».
2023 жылғы сәуірде сот Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады, Қаңтар оқиғалары кезінде билікті күшпен басып алмақ болды және өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыптармен 18 жылға бас бостандығынан айырған болатын.