Алматы облысы полициясы жолда көкпар тартқан шабандоздарды жауапқа тартты

Dalanews 26 нояб. 2024 14:51 463

Алматы облысында полиция қызметкерлері жолдың жүріс бөлігінде ат спорты ойындарын ұйымдастырған ер адамдарды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Еңбекшіқазақ ауданының жолдарындағы шабандоз тобының жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі анықталды.

Құқық бұзушыларды аудандық полиция қызметкерлері анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының өзге де қатысушылары қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ат спорты ойындарын ұйымдастырушы Еңбекшіқазақ аудандық сотымен 7 тәулікке, ал төрт қатысушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, қалғандары айыппұлмен жазаланды.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге, оның ішінде құқық бұзушылықтарды анықтап уақтылы жолын кесуге бағытталған тұрақты мониторинг жүргізіп отыратынын атап өтеміз.

Жол қозғалысының барлық қатысушыларын қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.


Рекомендовать
Последние новости