Астананың 18 жастағы тұрғыны жұрттың алды болып дауыс берді

Dalanews 19 мар. 2023 09:32 925

Астананың 18 жастағы тұрғыны Абай Тәңірберген алғашқылардың бірі болып таңертең қаладағы №379 сайлау учаскесіне анасымен бірге барып, дауыс берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жас жігіт сайлау учаскесі ашылғанға дейін келіпті.

– Бүгін мен үшін маңызды күн. Сайлауда дауыс беру менің азаматтық міндетім деп санаймын. Бірінші болып дауыс беру үшін бүгін ерте тұрып, сайлау учаскесінің ашылуын сағат 6-дан күттім. Мен елдің болашағын анықтайтын үлкен саяси науқанға үлес қосқым келді, – деді ол.


№379 сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнәр Садықова тұңғыш рет дауыс берген Абай Тәңірбергенге сыйлық жасап қуантты.

№379 учаскеде барлығы 2494 сайлаушы, 10 076 бюллетень алынды. Ал тіркелген сайлаушылардың 5-еуі 18 жаста, яғни алғаш рет дауыс береді, ал 1 сайлаушы үйінде отырып дауыс береді.

Рекомендовать
Последние новости