Астанаға тарту – Жетісу жастары 20 мың метрлік шыңды бағындырды

Dalanews 20 сент. 2018 13:38 904

Астана қаласының 20 жылдығына орай Жетісулықтар 20 мың метр биіктікті бағындырды. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында  экспедиция қатысушысы мәлімдеді.

Әсем қаламыздың айшықты әдемiлiгi – биік шың¬дарымен көрікті.Алыстан менмұндалап көз тартқан  биіктіктерді бағындыру  екінің  бірінін қолынан келмесі анық.Алайда, Жетісулық жастар 7 шыңды бағындыра алды.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ұйымдастырылған шара Елорданың 20 жылдығына  арналған. Бұндай игі бастамаға Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, Өңірлік коммуникациялар қызметі мен «Жетісу георграфиялық қауымдастығы» қолдау білдірген.

Жалпы шыңдарды бағындыруға 3-4 ай уақыт кеткен. Ең биігі Хан Тәңірі шыңы болса, қалғаны 1500 метрден жоғары «Лабасы», «Текелі» 2000 метр, «Фурманов» 3053 метр, «Панарама» 3260 метр, «Башута» 3353 метр,«Турист» 3954 метрді құрайтын биіктіктер.

Жас альпинистер Алматы облысында  тау туризмін дамытып,салауатты өмір салтын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп отыр. Сондай-ақ өңірдің тарихы, этнографиясын зерттеп «Жетісу географиялық қауымдастығының»қоржының тың ақпараттармен толықтыруды көздейді.

– Таудың тылсымға толы  табиғаты талайымыздың тағатымызды қашырғанымен, биікке ұмтылған жүрек соғысы бізді адастырмады, алға жетелеп, биікті бағындыруға күш салды. Жолдың тым ауыр екендігін байқадық. Дегенмен де, таудың адамды тарататын бір қасиеті бар секілді. Қанша алыс, әрі тым биікте болса да, биікке өрлеуден іштей тартынбадық. Соның нәтижесі болса керек, 20 мың метр биіктікке жетудің бақыты бұйырыпты, – дейді «Жетісу георграфиялық қауымдастығының» жетекшісі Әнуар Демегенов.

Алдағы уақытта ұйым мүшелері осы  қарқынмен тоқтап қалмай, туризм аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 

Балжан Қайратқызы

 

 

 

Рекомендовать
Последние новости