KazakhExport маманы: "Өнімін шетелге шығарғысы келетін кәсіпкерге есігіміз ашық"

Dalanews 25 сент. 2018 05:59 828

Өнімін сыртқы нарыққа шығарғысы бар кәсіпкер оның негіздерін білмесе не істейді? Қайда барады? Кімнен кеңес сұрайды?  Экспорттаушы ретінде оны қандай кедергілер күтуі мүмкін? Мұндайда мемлекет қолдауына жүгіне ала ма?

«KazakhExport» компаниясының бизнес-маманы Анар Қабдуғалиева қазір өңірлерді аралап жүр. Алматыда бизнес-сабақ өткізген маман ілгердегі сауалдарға жауап берді.



– KazakhExport былтыр экспорттаушыларға 40 млрд. теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті.  Биылғы жылы шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын қолдауды 100 млрд. теңге көлеміне жеткізуді жоспарлап отырмыз,  – дейді ол. 

Айтуынша, өндірген өнімін экспорттауға бел буған бизнесмендер түрлі кедергімен бетпе-бет келуі мүмкін. Кәсіпкерлер экспортқа шыға отырып импорттаушыға жіберген тауары үшін ақысын ала алмай қалудан қауіптенеді. Ал осы төлемнен жалтару тәуекелінің орнын толтыруға KazakhExport көмектеседі. Яғни KazakhExport кәсіпкердің осы тәуекелін сақтандыра алады.

 

Экспортпен айналысқысы келетін кәсіпкерлерге қаржылай көмектеріңіз бар ма? 

– Иә, экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау аясында екінші деңгейлі банктер арқылы экспорттаушыларымыз жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша кредит ала алады.

 Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру алғанда көптеген кәсіпкерлерде кепілдік қою мәселесінде қиындық туындайды.


KazakhExport осындайда кепілдігі аздық етіп жатқан кәсіпкерге қол ұшын созады, яғни  біздің сақтандыруымыз 90 пайызға дейінгі қосымша кепілдік ретінде жүреді.  

– Банктер KazakhExport-тың сақтандыруын кепілдік ретінде қабылдауға келісе ме? 

– Келіседі, себебі Ұлттық Банк 2018 жылғы 25 қыркүйекте өзінің 13.09.2017 жылғы №170 Қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізді, онда екінші деңгейлі банктерде сақтандыру шарты өтімділігі жоғары кепілдік ретінде қабылданатыны туралы  айтылған.

Kazakhexport өнімдері арқылы көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары қандай? 


– Компания ұйымдастырып жатқан бизнес тәлімдердің мақсаты, міндеті не?

– KAZAKHEXPORT өткізіп жатқан  тәлімдердің негізгі мақсаты– Даму кәсіпкерлікті дамыту орталығы, Атамекен кәсіпкерлер палатасы, Агрокредиттік корпорация секілді серіктестеріміздің көмегімен кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары туралы  жеткізу.

Шикізаттық емес тауар мен қызметтерді экспорттаушыларға арналған мұндай шаралар KazakhExport-тың қаржылық өнімдері арқылы жүзеге асырылады.


Екінші деңгейлі банктердің қызметкерлерін біздің өнімдердің қыр-сырына оқыта отырып біз оны экспортпен айналысатын банк тұтынушыларының кредиттік келісімдерін құрылымдау барысында пайдалану  мүмкіндігін ұсынамыз

 



– Егер экспорттаушыға көмек керек болса, Сіздермен кім хабарласуы керек, экспорттаушының өзі ме әлде оның банкі ме? Сіздермен келісім жасау үшін қандай құжаттар керек?

– Бізге кәсіпкерлердің өздері де, немесе олар қызметін пайдаланатын банктері де жүгіне алады.

Бізбен телефон арқылы хабарласса болады және де www.keg.kz сайтымызда онлайн-өтініш қалдыруына болады. Барлық сұрақтарыңызға міндетті түрде жауап береміз, қажет болса кездесу немесе экспорттаушы орналасқан Қазақстан өңіріне сапар ұйымдастырамыз. 


Экспорттық келісімшартты жасасу үшін банктердегі секілді бізде де оның жобасына талдау жүргізіледі және банктердегі секілді тізбе бойынша құжаттар ұсыну талап етіледі. Бізге жүгінген кезде қандай құжаттардың және не үшін керек екенін міндетті түрде түсіндіреміз. 

Егер 1 жылға экспорттық келісімшарт жасасқан қазақстандық өндіруші Сіздерге төлем мұрсатын, яғни шетелдік сатып алушының төлемнен жалтару тәуекелін сақтандыру бөлігінде ғана қолдау көрсетуді сұрап жүгінсе, онда KazakhExport бүкіл келісімшартты тұтастай сақтандыра ма?

– Жоқ. KazakhExport бүкіл келісімшартты емес, тауар топтамасын сақтандырады. Біз бұл компанияға айлық лимит белгілейміз, ал компания тиеп-жөнелтуді одан аспайтын шектерде жүзеге асыруы тиіс. Егер бірнеше сақтандырылған тиеп-жөнелтуден кейін компания бұл келісімшарт бойынша өз бетінше, сақтандыру қолдауынсыз жұмыс істеуді шешсе, біздің тарапымыздан қарсылық болмайды. Экспорттаушының қалауы бойынша, бүкіл келісімшартты да сақтандыра аламыз.

KazakhExport-тың негізгі мақсаты – экспорттаушыға экспортқа енді шыққан кезінде, компанияның экспорттық қызметін кеңейткен кезінде, яғни жаңа келісімшарттарды жасасу барысында қолдау көрсету.


KazakhExport-тың бүкіл қызметі Қазақстанның экспортын өсіруге және экспортқа шығу кезінде кәсіпкерлердің тәуекелін төмендетуге бағытталған. 

Қазіргі таңда біздің компания 50-ден аса экспорттаушымен жұмыс істейді.

– Әңгімеңізге рахмет!

 Сұхбаттасқан, Думан БЫҚАЙ


 

 

 

 

 

KazakhExport қолдау көрсеткен компаниялардың бір парасы:


Картинки по запросу KazakhExport экспорт

  • Тамақ өндірісі – Баян Сұлу, Рахат кондитерлік фабрикалары

  • Агрөндіріс саласы – "Қараой", "Терра" ет өндіретін кәсіпорындары, "АқОрда Капитал" шұжық өнімдері кәсіпорны, ШымкентМай зауыты, АралТұз кәсіпорны.

  • Көлікқұрастыру саласы – Кентау және Орал трансформатор зауыттары, «Қайнар» аккумулятор зауыты.


Айтпақшы...


Экспорттаушылар www.keg.kz сайтына кіріп «Экспорттаушының біріңғай терезесі» арқылы сақтандыруға өтініш бере алады.



[perfectpullquote align="right" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""] Dalanews.kz сайтына сұхбат берген KazakhExport компаниясының бизнес-тренері Анар Қабдуғалиевамен мына телефондар арқылы байланыса аласыз:

8 (701) 710 97 53;  8 (717) 295 56 56 (ішкі.125)   [/perfectpullquote]

Рекомендовать
Последние новости