Астанадағы ат спорты кешені 200 мыңға сатылып, 7 млрд-қа қайта сатып алынған

Көркем Алдабергенова 18 сент. 2025 17:22

2016 жылы Астана әкімдігі «Тұлпар» ат спорты кешенін аукцион арқылы небәрі 200 мың теңгеге сатып жіберген. Кейін қала билігі жаңа «Арғымақ» ат спорты кешенін бюджеттен 7 млрд теңгеге қайта сатып алуға шешім қабылдаған. Бұл туралы қалалық мәслихат депутаты Владислав Сергеев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«2016 жылы «Тұлпар» ат спорты кешені аукцион арқылы өте күлкілі бағаға – шамамен 200 мың теңгеге сатылды. Бұдан кейін өткен шақырылымда бізге «Арғымақ» атты жаңа кешенді 7 млрд теңгеге сатып алу қажеттігі мәселесі келіп түсті. Депутаттардың бір бөлігі, соның ішінде өзім де, бұған қарсы болдық. Бірақ көпшілік дауыспен сатып алу туралы шешім қабылданып, ол орындалды», – деді Сергеев.

Оның айтуынша, қазір бұл кешенді жеке компанияға сенімгерлік басқаруға беру мәселесі қарастырылып жатыр.

«Өкінішке қарай, біз бюджет қаржысына салынған нысандарды кейін жекеменшік компанияларға тапсырамыз. Ал олар бассейнге барып жүрген немесе иппотерапиямен айналысатын балаларымыздың есебінен пайда табады», – деді депутат.

Сергеев әкімдіктен бұл шешімді қайта қарап, талдау жүргізуді сұрады. Ол бастапқыда кешен балалардың тегін иппотерапиямен айналысуы үшін сатып алынғанын да еске салды.

Әкімдіктің жауабы

Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левиттің айтуынша, бұл мәселе әзірге келіссөздер деңгейінде тұр.


Рекомендовать
Последние новости