Феникс құсы. Балалар үйіндегі дау да шенеуіктің мансабын тоқтата алмады - DALA INSIDE

Dalanews.kz 18 сент. 2025 14:17

Алматы облысында қызметінен қуылған Білім басқармасының бұрынғы басшысы енді жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы DALA INSIDE арнасы жазды.

"Тараптар Бағанашылдағы балалар үйіндегі айқай-шу басылғанын күткен еді. Енді сол сәт туындап тұр. Алматы облысы Білім басқармасының бұрынғы басшысы Салтанат Беспаеваны жаңа қызметке тағайындауға кедергі жоқ сияқты", - дейді DALA INSIDE дереккөзі.

Дереккөздің мәліметінше, Салтанат Дауысбекқызы басқарма басшысы қызметінен босағанымен, әкімдіктен кетпеген. Оның орнына бұған дейін Еңбекшіқазақ, Іле аудандары мен Қонаев қалалық білім бөлімдерін басқарған Арайлым Төлеубекова тағайындалған еді. Сөйтіп Салтанат Беспаеваның қарамағында еңбек еткен кадр басқарма басшылығына келді.

Ал тамыздың басында қызметтен босатылған бұрынғы басқарма басшысы Іле аудандық білім бөліміне жетекші болады деген ақпарат тарады.


Рекомендовать
Последние новости