Түркістан облысында деструктив діни ағымның жақтастары ұсталды

Сағыныш Сардарова 18 сент. 2025 16:14

Түркістан облысында деструктив діни ағымның жақтастары ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, олардың Toyota Land Cruiser 200 маркалы көлігінен 9 мм калибрлі "ТТ" маркалы тапанша және 18*45 калибрлі "Байкал МР-461" маркалы қару тәркіленген.

"Бұл қарулар оқ атуға жарамды екені анықталды. Осы қаруларға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, күдіктілердің тұрғылықты жерінен ҚР ҚК-нің 432-бабы бойынша іздеуде жүрген адам ұсталды", - деп жазылған хабарламада.

Соталды тергеп-тексеру басталып, күдіктілер ұсталды.

 


Рекомендовать
Последние новости