Астанада тілдік құндылықтарды насихаттайтын фотоаймақтар ашылды

Ақтоты Жапатова 11 июл. 2025 16:39

Астанада қазақ тілін визуалды кеңістікте заманауи, тартымды әрі қолжетімді форматта ұсыну мақсатында арнайы фотоаймақтар ашылды,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама тек тілдік құндылықтарды насихаттап қана қоймай, сонымен қатар ұлттық мәдениетті жаңа, стильді әрі заманауи форматта көрсету арқылы қазақы рухты сақтауға және дамытуға септігін тигізеді.

Қазақ тілінде креативті фотозоналар орнату қоғамдық орындарда жастардың суретке түсіп, әлеуметтік желілерде бөлісуіне ыңғайлы, қазақ тілінде жазылған стильді, трендті сөздермен безендірілген фотозоналар жасалған.

Заманауи визуалды шешімдер арқылы тіл мәселесін «қызық», «сәнді», «инстаға лайық» форматта жеткізу.

Қазіргі уақытта Нұра ауданында (Ғашықтар саябағы, Есіл өзенінің жағалауы), Сарыарқа ауданында (Арбат), Алматы ауданында («Жетісу» және «Триатлон» парктерінде) фотоаймақтар орналастырылды.


Рекомендовать
Последние новости