Астанада Тәуелсіздік даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Ақтоты Жапатова 18 июн. 2025 16:54

Астанада Тәуелсіздік даңғылының Қ.Мұнайтпасов көшесінен Б. Момышұлы даңғылына дейінгі аралығында жол жабынының жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі,- деп хабарлайды Dalanews.kz

"Осыған байланысты, 20-25 маусым аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады", - делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.


Рекомендовать
Последние новости