Астанада Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот басталды

Көркем Алдабергенова 09 июл. 2025 13:15

Астанада Перизат Қайрат пен анасына қатысты істі қарау басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала тыңдалым барысында күдіктілер БАҚ өкілдерінің процеске қатысуына қарсы екендерін білдірді. Сонымен қатар олар сот отырыстары кезінде фото және видео түсірілімге тыйым салуды талап еткен.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі соттың отырыстың ашық не жабық өтетіні жөнінде шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткенін хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін қаржылық мониторингі агенттігі Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады

2025 жылғы 19 наурызда тараптар 109 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарымен танысуға кірісті.

Бұған дейін хабарланғандай, залал сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.

Ұрланған қаражатқа сатып алынған 865 млн теңге көлеміндегі мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс айыптау актісін бекіту және сотқа жолдау үшін Бас прокуратураға берілді.


Рекомендовать
Последние новости