Елордада 7-11 тамыз аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бакалавр бойынша ЖОО-ға құжат қабылдау басталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурсқа қатысу үшін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына келесі бағыттар бойынша өтініш береді:
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:
• Физика мұғалімдерін даярлау;
• Психология.
А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:
• Педагогика және психология;
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
• Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі.
Астана халықаралық университеті:
• Педагогика және психология;
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
• Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
• Физика мұғалімдерін даярлау;
• Математика мұғалімдерін даярлау;
• Информатика мұғалімдерін даярлау;
• Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;
• Психология.
А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті:
• Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
• Математика мұғалімдерін даярлау;
• Физика мұғалімдерін даярлау.
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті:
• Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
• Математика мұғалімдерін даярлау
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті:
• Педагогика және психология;
• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
• Психология;
• Арнайы педагогтарды даярлау;
• дефектолог;
• логопед;
• олигофренопедагог;
• тифлопедагог;
• сурдопедагог.
Резидентураға құжаттар тапсыру уақыты 18-20 тамыз аралығында өтеді
Астана медицина университеті (резидентура):
• Ересектер мен балалардың анестезиологиясы мен реаниматологиясы;
• Ересектер мен балалардың офтальмологиясы;
• Отбасылық медицина;
• Неонатология;
• Ересектер мен балалардың шұғыл медицинасы;
• Ересектер мен балалардың психиатриясы;
• Ересектер мен балалардың жақ сүйек-бет хирургиясы;
• Патологиялық анатомия.