Қаржы министрлігі валюталық түсімдер бойынша жаңа есеп формасын енгізгелі жатыр

Кәмшат Тілеухан 08 авг. 2025 12:11

Қазақстан экспорттаушылары алда шотына шетел валютасы келіп түскенін дәлелдеуге мәжбүр болады. ҚР Қаржы министрлігі ҚҚС-ты қайтаруға үмітті экспорттаушылар үшін талапты қатаңдатпақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Енді бұрын өткізіп келген құжаттар пакеті жеткіліксіз болады, одан бөлек шетелдік мәмілелерден түскен кірістің Қазақстанға жеткенін растау қажет болады.

"Ашық НҚА" порталында жарияланған жобаға сәйкес, валюталық түсімнің шотқа келіп түскені туралы қорытындының міндетті формасы енгізіледі. Онсыз бірден ұсталатын салықты кері қайтару мүмкін емес.

Қаражаттың түсу фактісін компаниялар емес, арнайы уәкілетті ұйымдар растауға тиіс:

  • Ұлттық Банктің аумақтық бөлімшелері,
  • екінші деңгейдегі банктер,
  • Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ),
  • тіпті "Қазпошта" да.

Қаржы министрлігі бұл арадағы мақсат бизнестің жағдайын қиындату емес, белгілі бір тәртіпті келтіру екенін айтады. Соңғы кездері қағазда бәрі таза, бірақ елге ақша аударылмайтын жағдайлар жиілеп кеткен екен. Енді бұл мәселеге осылайынан жол бермеу көзделуде.

Жоба қоғамдық талқыға 22 тамызға дейін ұсынылды.  

Бұған дейін Қазақстанда салық органдары онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейтін өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың табысын жіті бақылай бастайтынын жазғанбыз


Рекомендовать
Последние новости